Қостанай облысында бір үйдің үш баласы иіс тиіп қайтыс болды
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
18.11.2024 10:26
540
Қостанай облысындағы Тасты ауылдық округіндегі Қарынсалды ауылында үш бала және олардың атасы иіс тиіп, қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 17 қарашада түскі уақытта болған. Екі, үш және 8 жастағы үш бала мен олардың 67 жастағы аталары қайтыс болған.
Балалардың әкесі мен анасы және төрт жасар бала Арқалықтағы ауруханаға жеткізілген. Олар аз қамтылған отбасына жатқан. Әкелері жергілікті мектепте өртсөндіруші болып жұмыс істейді екен.
Еске салайық, күні кеше Астана қаласында өрттен төрт бала көз жұмған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл жол апатынан зардап шеккендер саны екі есеге өсті
Келесі жаңалық
Елімізде мемлекеттік архивтер саны 231-ге жетті