Жаңалықтар

Қостанай облысында әйел мен оның екі баласының денесі табылды

Қостанай облысында әйел мен оның екі баласының денесі табылды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 01.11.2023 09:14 967

Қостанай облысында газдан уланған әйел мен оның екі баласы қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 30 қазан күні Федоров ауданы Лесное ауылында болған. Бұл туралы Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 1975 жылы туған ер адам газдан уланып, аудандық ауруханаға жатқызылған.

Ал 1984 жылы туған әйел мен 2013 және 2008 жылы туған балалар оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аттанды, - деп хабарлады Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға