Жаңалықтар

Қостанай облысында 70 жолаушы мінген автобус жолда қалған

Қостанай облысында 70 жолаушы мінген автобус жолда қалған
Фото: ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр 22.02.2025 19:49 167

Жолда жүрген шетел азаматтарына көмек көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Қостанай облысы Қарабалық ауданының Қайырақ ауылына жақын жерде құтқарушылар Тәжікстан Республикасынан Ресейге бара жатқан рейстік автобустың жолаушыларына көмек көрсетті.

Автобуста 70 жолаушы, оның ішінде 4 бала болған. Техникалық ақаулықтан дизель жанармайы қатып, көлік құралы жүре алмаған. Оқиға орнына ЖАО бірлесіп құтқарушылар келді. Жылыту құралының көмегімен жанармайды жылытып, аккумуляторды қоректендірді, содан кейін автобус қозғалысты жалғастыра алды, - делінген мәліметте.

Жолаушылардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға