Қостанай облысында 31 адам қар құрсауында қалған

Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан алынған кадр
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан алынған кадр
27.02.2025 09:58
133
ТЖМ қызметкерлері 31 адамды қарлы тұтқыннан құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, түнде Қостанай облысында Амангелді ауданының Амантоғай ауылынан 20 шақырым жерде «Әулиекөл-Жалдама» тас жолында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолаушылары бар 19 көлік қар құрсауына түсті.
Құтқарушылар 31 адамды, оның ішінде 5 баланы жақын жердегі жылыту пунктіне жоғары өту техникасымен жеткізді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - делінген мәліметте.
Азаматтар құтқарушыларға жедел көмек көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ауыз ашарда және бекіткенде оқылатын дұғалар