Жаңалықтар

Қостанай облысында 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты

Қостанай облысында 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Фото: Polisia.kz 05.01.2025 19:40 834

Қостанай облысының полициясы 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Былтыр Қостанай облысының полиция департаментіне туыстарымен, ата-аналарымен, бауырларымен немесе әпкелерімен байланысын жоғалтқандар туралы 110 өтініш келіп түсті. Жедел әрі үйлесімді жұмыстың нәтижесінде олардың 85-і табылып, жақындарымен қайта қауышты. Соның ішінде 20 жыл хат-хабарсыз кеткен әке мен қызы қауышты.

1995 жылы 58 жастағы Александр Хан Қазақстаннан белгісіз себептермен хабарсыз кеткен. Оның қызы Юлия Хан Қостанай қаласының полиция басқармасына жүгініп, жоғалған әкесін табуға көмек сұрады. Әкесін іздеу оның өмір бойғы арманына айналған. Александр Ханның 1995 жылы алыс шетелге тұрақты тұруға кетіп, отбасымен байланысын үзгеніне қарамастан, полиция қызметкерлері Юлияның үмітін үзбей, іздеу жұмыстарын бастады. Көші-қон қызметі мамандарының кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында Александр Ханның Францияда ұзақ жылдар бойы тұрғаны анықталды, - делінген мәліметте.

Әртүрлі себептермен ол туыстарымен байланысын жалғастыра алмаған, бірақ қызының табандылығы мен полицейлердің еңбегі бұл олқылықтың орнын толтырды.

Жиырма жылдан кейін әке мен қыз қайта қауышып, бұл кездесу Хан отбасы үшін үлкен қуанышқа айналды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға