Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
23.02.2025 09:12
570
Бүгін түнде Амангелді ауданында Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде «Әулиекөл-Жалдама» автожолының жабық учаскесінде ТЖМ күштері 98 адамды, оның ішінде 18 баланы құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарылған 7 адам, оның ішінде 6 бала Амантоғай ауылының жылыту пунктіне жеткізілді. Сондай-ақ қар құрсауынан 8 жеңіл автомобиль жолдың тазартылған учаскесіне сүйретілді.
Сарыкөл ауданында Соналы ауылынан 5 шақырым жерде «Сарыкөл-Комсомольское» автожолында ТЖМ күштері қар құрсауынан автожолдың тазартылған учаскесіне 2 адам мінген жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды.
Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Барыс» осымен 47-рет жеңіліс тапты
Келесі жаңалық
Мектепте жаңа лауазым пайда болады