Қостанай облысы бірнеше көлік қар құрсауында қалды

Фото: ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр
Фото: ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр
23.02.2025 21:10
131
Қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмек көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Қостанай облысы Қарасу ауданы Новоселовка ауылынан 10 шақырым жерде бірнеше көлік қар құрсауында қалып қойды.
Жедел келген құтқарушылар жолдың тазартылған учаскесіне 4 жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды. Авариялық-құтқару операциясының нәтижесінде қар тұтқындарынан 8 адам құтқарылды. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - делінген мәліметте.
Ведомство жүргізушілерге қозғалысты жоспарлау кезінде ауа райы болжамын ескеруге кеңес береді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
ТЖМ қызметкерлері құдыққа түсіп кеткен итті құтқарды