Қостанай мен Ақтөбе облыстарының шаруалары Астанадағы жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынды

Астанада Қостанай мен Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде Қостанай облысының 14 ауданынан және 3 қаласынан 50-ден астам кәсіпорын өз өнімдерін ұсынып отыр. Шаруалар елордаға 400 тонна тауар әкелді. Оның ішінде мал еті – 51 тонна, сүт өнімдері – 35, шұжық өнімдері мен ет жартылай фабрикаттар – 23, жарма мен макарон өнімдері – 30, картоп пен көкөністер – 70, ұн – 50, сондай-ақ нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, сусындар, бал және басқалары бар.
Жәрмеңкеде сүт және ет кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынды. Ал Ақтөбе облысының 12 ауданынан және Ақтөбе қаласынан 20-дан астам шаруалар мен қайта өңдеу кәсіпорындары азық-түлік өнімдерін саудаға шығарды.
Қала тұрғындары үшін 80 тонна ет, 61 тонна картоп пен көкөніс, 30 тонна сүт, 17 мың дана жұмыртқа, 6 тонна балық, бір тонна бал, 10 тонна шұжық, 8 тонна ұн мен макарон өнімдері бар.
Айта кетейік, өнімдер орташа нарық бағасынан төмен сатылады.
