Қостанай көшесінде сноубордпен жүйткігендер жауапқа тартылды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
30.01.2024 23:00
657
Қостанай облысы Жітіқара ауданында жол бойында сноубордпен жүйткігендерді полицейлер қуалап жүріп, жауапқа тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сноубордшылардың бұл сәті видеоға түсіп қалған. Онда екі тұрғын алдында кетіп бара жатқан көлікке арнайы жіп байлап, соны ұстаған күйі жолда жүйткіп бара жатқанын байқауға болады. Ойланбай жасалған экстрим үшін полицейлер сноубордшылар мен жүргізушіні ұстады.
Қостанай облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, апаттық жағдай жасағаны және техникалық байқаудың жоқтығы үшін оларға жалпы көлемі 100 мың теңгеден астам айыппұл тағайындалды.
Полицейлер көлікті айыппұл тұрағына жіберді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқи отырыңыз:
- Жолда трюк жасаған скутер жүргізушісі жауапқа тартылды
- Қарағанды облысында орталық көшеде ереже бұзған жүргізушілер ұсталды
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты