Қосшыдағы шаруашылық құрылысында өрт шықты

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
26.02.2024 02:23
741
Сағат 22.21-де Қосшы қаласында 70 шаршы метр аумақта шаруашылық құрылысында өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Шақыру орнына Ақмола облысы ТЖД 5 құтқарушысы мен 1 техникасы және Астана қаласы ТЖД 5 құтқарушысы мен 1 техникасы шықты.
Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында жақын орналасқан 2 қабатты жеке тұрғын үйге өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт 23-30-да оқшауланып, 23-45-те сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Бөлісу:
