Үкімет Қосшы қаласының аумағын белгілеуге қатысты қаулы шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Ақмола облысы Қосшы қаласының шекарасын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № А-11/554 бірлескен қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы №7С-22-3 шешіміне келісім берілсін», - делінген ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №1041 қаулысында.
Құжат «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңның 11-бабы 2-тармақшасына сәйкес қабылданған. Ол 10 күннен соң күшіне енеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Диплом, курстық жұмыс жазудың тәртібі