Жаңалықтар

«QosLike» көрермендері бағдарламаны көруден бас тартты

«QosLike» көрермендері бағдарламаны көруден бас тартты
Фото: Видеодан кадр 24.08.2023 13:44 14889

Қазақстандағы танымал бағдарламалардың бірі «QosLike» жүргізушісі Диана Скатова жобамен қоштасты. Бұл туралы жүргізуші өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәл осы сәтте іштей жобамен қоштасқан шағым еді. Эфир бойы ішімдегі алай-дүлейді, қимастықты көрсетпеуге тырыстым, алайда ең соңында эмоциямды басқару қиынға соқты. Әрине, сонша жылдан соң қоштасу оңай болсын ба?! Арнамен, ұжыммен арадағы үлкен сыйластықты сақтай отырып осы шешім қабылданды. Жаңа маусым басталмайынша, бұл жайлы тіс жармадым, - деп жазды Диана Скатова.

Ол өзінің бірнеше жылдар бұрын эфирге шығып, халықтың батасын алғанын атап өткен.

Бірнеше жылдар бұрын кіп-кішкентай қыз эфирге шықты да, жылдар бойы өсті, дамыды, елдің шексіз ықыласына бөленді, халықтың батасын алды. Кәсіби маман ретінде қалыптасып, тікелей эфирдің қыр-сырын үйреніп, камера алдында әбден төселді. Жобаның маған бергеніне мен ризамын, жоба да маған риза дегенге сенгім келеді. Себебі, мен шынымен бұл жолда жанымды салып тер төктім, - деп жазды Диана Скатова.

Ал «QosLike» көрермендері мен Диана Скатованың оқырмандары бұл жаңалыққа қатты қуанбаған сыңайлы. Олар бағдарламаны Диана үшін ғана көргенін жазып жатыр.

"Иә, тіпті, қарағымыз келмей қалды", "Неге кеттіңіз?", "Дианасыз эфир қызықсыз", "Сенсіз Қосылайық қызы емес", "Сене алар емеспін", "Енді эфир қарамайтындар біз біргеміз", - деп жазып жатыр көрермендер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Diana Skatova (@diana_skatova)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға