Жаңалықтар

"Қорқынышты әрі ұят". Қуандық Бишімбаевтың бірінші әйелі кімнің жағында екенін айтты

"Қорқынышты әрі ұят". Қуандық Бишімбаевтың бірінші әйелі кімнің жағында екенін айтты
Фото: instagram.com/nazymkakharman 28.12.2023 09:17 11378

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһармен Салтанат Нүкенованың өлімінен кейінгі балаларының қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен үнсіздігімді қойып, пікір айтайын деген шешім қабылдадым. Салтанаттың қайғылы қазасынан бері 40 күннен астам уақыт өтті. Балаларға және маған не болып жатқанын түсіну үшін уақыт керек болды. Балаларым және мен Салтанаттың отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Мен Салтанатпен жеке таныс емес едім. Алайда балаларым онымен дос болып, Салтанатты ашық-жарқын, мейірімді және өте жанашыр адам ретінде еске алады, – деп жазды Назым Instagram парақшасында.

"Қорқынышты әрі ұят". Қуандық Бишімбаевтың бірінші әйелі кімнің жағында екенін айтты

Ол балаларының оқиғаны қалай қабылдағанын айтып берді.

Бұл нәрсені балалырмның ең жақыны, тірегі, қолдаушысы болуы керек адам жасағаны ауыр тиді. Қорқынышты, ұят әрі қатты қиын.  Балаларым басынан өткерген қиыншылық, әрине Салтанаттың туыстарының азабының жанында түк емес. Бірақ балаларымның жақсылық пен мейірімнің жағында болатынына сенемін, – деп жазды Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға