Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігінің курсанты каратэ-до шотоканнан өткен әлем кубогында топ жарды

Қорғаныс министрлігінің курсанты каратэ-до шотоканнан өткен әлем кубогында топ жарды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 05.11.2024 00:29 513

Алматы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бесінші курс курсанты Сергей Ли Шымкентте каратэ-до шотокан «Мураками Кап»-тан өткен Әлем кубогында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат  агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Турнирге Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан, Франция және Жапониядан 432 спортшы қатысты.

Қазақстандық курсант Сергей Ли командалық ката және кумите секілді екі бағдарламада өнер көрсетті. 21 мен 39 жас аралығындағы командалық катада ол үшінші орынға ие болды.

Оның әлемдік біріншіліктегі басты жетістігі 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кумите бойынша жеке есепте жеңіске жетуі болды.

Мен үшін бұл жай ғана жеңіс емес, көп жылдық еңбек пен қажырлы жаттығулардың нәтижесі. Елімнің намысын халықаралық додада абыроймен қорғап, болашақ офицерлердің қалай дайындалып жатқанын көрсете алғанымды мақтан тұтамын. Жаттықтырушыларға, отбасыма және институтқа қолдау көрсеткені үшін рахмет. Онсыз бұл жетістік мүмкін болмас еді, – деп атап өтті спортшы.

Әскери жоғары оқу орнының өкілдері қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болатынын атап өткен жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға