Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ЖОО-ның курсанттары референдумда дауыс берді

Қорғаныс министрлігі ЖОО-ның курсанттары референдумда дауыс берді
Фото: Қорғаныс министрлігі 06.10.2024 12:38 642

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында дауыс беру жабық учаскеде өтті, онда 580-нен аса адам дауыс берді. Олардың ішінде 97 курсант бірінші рет өз таңдауын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының екінші курс курсанты Ислам Ерімбеттің дауыс беруі оның туған күнімен тұспа-тұс келді. Жас жігіт әскери мамандық иесі боламын деп шешім қабылдаған.

Бірінші рет дауыс бердім. Ерекше сезім. Осы сәтте ел болашағы біздің қолымызда екенін түсіндім, – деді екінші курс студенті.

Құрлық әскерлерінің әскери институтында барлығы 860 курсант пен сарбаз дауыс берді.

Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында 550 адам өз таңдауын жасады, оның 50-і алғаш рет дауыс беріп отыр.

Басшылық, профессорлық-оқытушылар құрамы және олардың отбасы мүшелері тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелерінде дауыс берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға