Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі үндеу жариялады

Қорғаныс министрлігі үндеу жариялады
Фото: primeminister.kz 12.03.2025 21:37 147

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық шаралары басталады. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

13 наурыздан бастап әскери техниканы тасымалдауға байланысты еліміздің кейбір аймағындағы жолдардың жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.

22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның жаттығуы үшін Астана қаласында әуе кеңістігін пайдалануға қысқамерзімді шектеу қойылады, - делінген мәлімдемеде.

Ведомство сонымен қатар әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкіндігін еске салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға