Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына өзгерістер енгізуде

Қорғаныс министрлігі тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына өзгерістер енгізуде
Фото: gov.kz 09.02.2025 06:29 101

Еліміздің қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй төлемдерін есептеу қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жоба нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан заңнамасына сәйкестендіру мақсатында дайындалған.  

Жаңа өзгерістерге сәйкес:  
- Тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерді тану мәселесі ҚР Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдеріне беріледі.  
- Мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы аясында мемлекеттік қызметтер баламасыз негізде көрсетіледі.  
- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде заңбұзушылық орын алса, әскери қызметшілер қайта жүгінуге міндетті болмайды. Бұл жағдайда құқықтарды қалпына келтіру міндеті қызмет көрсетуші тарапқа жүктеледі.  

Жобаның толық мәтіні "Электрондық үкімет" порталында осы жылдың 20 ақпанына дейін "Ашық НҚА" бөлімінде қолжетімді болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға