Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі қайтыс болған сарбазды жерлеуге 314 мың теңге бөледі

Қорғаныс министрлігі қайтыс болған сарбазды жерлеуге 314 мың теңге бөледі
Фото: ©Ербол/БЕКБОЛАТ/Midjourney 14.02.2025 17:00 1442

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі жариялаған Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігі «Әскери қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертiгуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшiлердің мәйiтін тасымалдау және құлпытасын орнатуға қатысты мөлшерін бекіту туралы қаулы жобасын әзірледі.

Әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшілердің мәйітін тасымалдауға дайындаумен, мәйітті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстар айлық есептік көрсеткіштің сексен еселенген мөлшерінде белгіленсін, - делінген құжатта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға