Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі комаға түскен Ербаян Мұхтарға қатысты мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі комаға түскен Ербаян Мұхтарға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Видеодан кадр 23.08.2024 01:16 2903

Қорғаныс министрлігі алты айдан астам уақыт комада жатқан ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтарға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мерзімді қызметтің әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың жарақат алғаны туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде таратылған ақпаратқа қатысты мынаны түсіндіреміз. Қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан бөлімшесінде мерзімді әскери қызмет атқарды.

Мерзімді қызметтің сарбаздары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында, Мемлекеттік күзет қызметінде және Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет өткеретінін хабарлаймыз.

Қорғаныс министрлігі аталған күштік құрылымдардағы әскери қызметтің қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырмайды. Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау командирлер үшін басты міндет болып табылады. Біз де Ербаян Мұхтардың туыстары мен жақындарымен бірге оның денсаулығына алаңдаймыз және ҚР Қорғаныс министрлігінің емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетуге дайынбыз, - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, Алматы облысында Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтар жарақат алып, комаға түскен еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға