Жаңалықтар

Қорғаныс министрі Жақсылықов Мәскеудегі парадқа бара ма?

Қорғаныс министрі Жақсылықов Мәскеудегі парадқа бара ма?
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 04.05.2023 15:19 1517

Бүгін Ақордада тілшілер Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан 9 мамырда Мәскеуде өтетін парадқа қатысу-қатыспауын сұрады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен кездесуінің алдында журналистер осындай сұрақ қойған еді. Журналистер министрден "9 мамырда Мәскеудегі шеруге барасыз ба?” деп сұрады.

Жоқ, - деп қысқа қайырды Жақсылықов.

Ол ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен бүкіл армия кеңесі өтетінін айтты.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда ешқандай әскери парад өтпейді.Қорғаныс министрлігі әскери шеру «бюджет үнемдеу негізінде, сондай-ақ басқа мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты» жоспарланбағанын түсіндірді.2022 жылы Қазақстанда да әскери парад өтпеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға