Қорғаныс министрі: Қазақстандық әскерилер ҰҚШҰ арқылы Ресейге жіберілмейді
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
07.06.2023 14:56
1021
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әлеуметтік желілерде пайда болған Ресейге әскер жіберу туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрі ретінде Қазақстанның Қарулы күштері біздің аумақта екенін растай аламын. Біз бітімгерлік миссиясын БҰҰ арқылы ғана жүргіземіз. Біз ҰҚШҰ елдерінің аумағында орындамаймыз және ешқайда кетпейміз, - деп мәлімдеді министр.
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мәжілісмен Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты іске қатысты ойын айтқан болатын.
Сонымен қатар ол жастарды әскерге күштеп алып кетіп жатқан жағдайларға байланысты пікір білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада жаһандық іскер әйелдер бас қосты