Жаңалықтар

Қорғаныс министрі Ақтөбе гарнизонына жұмыс сапарымен барды

Қорғаныс министрі Ақтөбе гарнизонына жұмыс сапарымен барды
Фото: Қорғаныс министрлігі 22.08.2024 23:47 402

Өңірде қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов облыс орталығында орналасқан бірқатар әскери нысандар мен жоғары оқу орындарын аралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровпен кездесуде аумақтық қорғаныс бригадасын жарақтандыру, әскери-оқытылған резервті қалыптастыру және дайындау, сондай-ақ «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізу мәселелері талқыланды.

Мұғалжар ауданында генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери база құрылысының барысымен танысты. Мәртөк ауданында «Хлебодаровка» далалық аэродромының инфрақұрылымын зерделеді. Мұнда әскери ұшқыштар институты курсанттарының оқу-жаттығу ұшулары өтеді. Келер жылы әскери-патриоттық клубтардың, әскери колледждер мен мектептердің үздік командаларының қатысуымен іс-шара өткізу жоспарлануда.

Сапар қорытындысы бойынша ведомство басшысы әскери нысандар құрылысының мерзімі мен сапасына, әскери қалашықты абаттандыруға және «Айбын» жастар жинынына дайындық іс-шараларына байланысты бірқатар тапсырмалар берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға