Жаңалықтар

Қорғаншылық органдары жеке басқарма болып құрылады – Оқу-ағарту министрлігі

Қорғаншылық органдары жеке басқарма болып құрылады – Оқу-ағарту министрлігі
Фото: ©Pixabay.com 01.05.2025 01:17 213

ҚР Үкіметі жергілікті атқарушы органдардың базалық құрылымына Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар мен бөлімдерді енгізу туралы шешімді қолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қорғаншылық органдары жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы штаттық шегі аясында құрылады. Белгіленген нормативке сәйкес, әрбір 5 мың балаға кемінде бір маман тағайындалады.

Бұл бастама арқылы балалардың толыққанды қамқорлықта болуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйе негізін құру көзделуде. Осы ретте Оқу-ағарту министрлігі қорғаншылық органдарының мамандарына арналған оқыту тренингтерін ұйымдастыруда.

Айта кету керек, аталған реформалар мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан «Қазақстан балалары» атты кешенді бағдарламаның бір бөлігі ретінде іске асырылады, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға