Қорғалжын қорығында қамыс өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
14.07.2023 12:00
637
Ақмола облысындағы Шалқар ауылынан 35 шақырым жерде орналасқан «Қорғалжын қорығы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жанған қамысты сөндіру жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ашық жану байқалмайды, жеке ошақтар бықсып жатыр.
Орман шаруашылығының ақпараты бойынша, алдын ала жану алаңы – 25 га құрады.
Жануды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің және орман шаруашылығының күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Өртті сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағы да тартылды. Сөндіру жұмыстары басталған сәттен бастап өрт ошақтарына көлемі 60 тонна 20 рет су ағызу жүзеге асырылды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ресейліктердің 74% Украинаға ядролық қару қолдануға қарсы