Қор нарығында доллар қымбаттай түсті

Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com
09.03.2023 16:35
803
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,59 теңгеге көтеріліп, 441,12 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақытымен 12:00-де көтеріліп, 63,12 теңге (+0,08) болды.
Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 467,34 теңге, рубль бағамын 5,81 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 443-447 теңге, еуро – 467-472 теңге, ресей рублі – 5,65-5,9 теңге аралығында саудаланып жатыр.
9 наурыздағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы 0,02%-ға көтеріліп, барреліне 82,68 доллар болды, WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 0,01%-ға өсіп, 76,67 доллар болды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Еліміздегі жарнамалар мемлекеттік тілде жазылуы міндетті
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды