Жаңалықтар

Қор нарығында доллар қымбаттады

Қор нарығында доллар қымбаттады
Фото: © Pixabay.com 23.08.2023 17:00 1125

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

KASE қор нарығындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4, 99 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 458, 13 теңге. Ұлттық банктің 23 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 453,13 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,81 теңге.

Қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктnерінде доллар 459,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 465,5 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 460 теңге, сатып алу құны – 464 теңге. Ресей рублі 4,75 – 4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға