Жаңалықтар

Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
Фото: © Pixabay.com 20.07.2023 18:00 943

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,12 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 443,99 теңге.Ұлттық банктің 20 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 442,68 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,86 теңге.Кurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 444 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 446,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443 теңге, сатып алу құны– 447 теңге.Ресей рублі 4,77-4,90 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға