Қор нарығында доллар қаншадан сатылып жатыр?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар 503 – 509 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық банк 23 ақпанға белгілеген ресми бағамы бойынша, бір доллардың құны 502,47 теңге деп анықталған. Ресей рублі орташа есеппен 5,68 теңгеге бағаланады, ал еуро 525,83 теңгеге саудаланады.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 507,4 теңгеден сатылып, сатып алу бағамы 504,2 теңге болып тұр. Еуро 527 мен 532 теңге аралығында өзгеріп тұр.
Астанада долларды сату бағамы 509,5 теңге, сатып алу бағамы 503 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, сатып алу бағамы 526 теңге деңгейінде.
Ресей рублінің бағасы ақша айырбастау орындарында 5,56 мен 5,71 теңге аралығында құбылып тұр.
