Қор нарығында доллар бағасы тұрақсыз

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
09.06.2023 17:00
688
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда нәтижесіне сәйкес, доллар 0,87 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа бағасы 445, 62 теңге болды. Ұлттық банктің 9 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 444, 85 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,42 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 445 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 448,5теңге. Ал Астана қаласында сату бағасы – 445 теңге, сатып алу – 449 теңге. Ресей рублі 5,29 - 5,53 теңге аралығында ұсынылып жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда 19 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы