Жаңалықтар

Қор нарығында доллар бағасы төмендеді

Бүгінгі сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы да төмендеді
Қор нарығында доллар бағасы төмендеді
Фото: myseldon.com 10.01.2023 17:07 1408

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 461,84 теңгені құрап, 0,63 теңгеге төмендегенін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 68,11 теңгені (-0,05) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ал рубль бойынша әлі аяқталған жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 493,52 теңгеге, рубльді – 6,65 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 463,5-467 теңгеден, еуроны – 494-500 теңгеден, ресей рублін – 6,3-6,6 теңгеден сатып алады/сатады.

Сондай-ақ бүгінгі сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы да төмендеді.

Мәселен, ICE Futures-тегі Brent маркалы мұнайдың құны 0,29%-ға төмендеп, барреліне 79,42 долларды құрады.

NYMEX электронды сауда-саттығында WTI мұнай фьючерстері ақпан айында 0,21%-ға, барреліне 74,47 долларға дейін арзандады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға