Қор нарығында доллар бағасы қымбаттады
Ресей рублі 7,37 - 7, 42 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz
28.11.2022 16:28
1479
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, 1 АҚШ долларының құны 2,57 теңгеге қымбаттап, орташа 467, 99 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 28 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 38 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 466 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 469 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 467 теңге, сатып алу – 470 теңге.
Ресей рублі 7,37 - 7, 42 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бөлісу:
