Жаңалықтар

Қор нарығында доллар бағасы қымбаттады

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 465, 95 теңге
Қор нарығында доллар бағасы қымбаттады
Фото: mk.ru 24.11.2022 16:23 1753

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,13 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 465, 95 теңге.

Ұлттық банктің 24 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 462, 65 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 464,5 теңге, сатып алу – 467,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,7 теңгеден болса, сатып алу құны – 466,7 теңге.

Ресей рублі 7,34 - 7, 39 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға