Жаңалықтар

Қор нарығында доллар арзандады

Қор нарығында доллар арзандады
Фото: © Pixabay.com 04.07.2023 17:33 769

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,40 теңгеге төмендеп, 1 доллар 446,79 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 4 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 448,13 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 447,5 теңге, сатып алу – 449,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 445,9 теңгеден болса, сатып алу – 449,9.

Ресей рублі 5,02 – 5,12 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 4 шілде күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,01теңге болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға