Қор нарығында доллар 8 теңгеге жуық арзандады

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
21.08.2023 18:00
989
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 7,27 теңгеге төмендеп, 1 доллар 452,34 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 21 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 461,71 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 452,5 теңге, сатып алу – 455,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 450 теңгеден болса, сатып алу – 454 Алматыда Ресей рублі 4,77 – 4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,75 – 4,85 теңгеден сатылуда.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алтыннан жасалған неке жүзіктері қымбаттаған
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді