Қор нарығында доллар 2,36 теңгеге қымбаттады
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
23.02.2023 16:16
866
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысына сәйкес, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 2,36 теңгеге қымбаттап, 449, 22 теңге болды.
Ұлттық банктің 23 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 446, 60 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,96 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 449 теңге, сатып алу – 452 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 450,5 теңге. Ресей рублі 5,85 - 6,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СІМ-де БҰҰ Даму бағдарламасының өкілін қабылдады