Қоңырөлең мен Жаркент тұрғындары жер сілкінісін сезінді
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz
30.10.2022 13:10
2681
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 00 сағат 08 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 241 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасты.
Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты – 10,5. MPV магнитудасы – 4,9. Тереңдігі – 25 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша жер сілкінісі Жетісу облысының Қоңырөлең кентінде – 2-3 балл, Жаркентте 2 балл қуатпен сезілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлы дала идеясының түпкі мәні
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты