Жаңалықтар

Қонақ үйлер 10 мың теңгеден басталады. Бурабайға 1 млн-нан астам турист келмек

Қонақ үйлер 10 мың теңгеден басталады. Бурабайға 1 млн-нан астам турист келмек
Фото: El.kz 09.06.2023 10:08 4884

«Қазақстанның інжуі» деп аталатын Бурабайға барғысы келетін, демалуды қалайтындар көп. Бірақ көп жағдайда бағаларды халықтың қалтасы көтере бермейді. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев биыл Щучинск-Бурабай курорттық аймағы келушілерді қабылдауға толық дайын екендігін, тіпті 10 мың теңгенің қонақ үйлері бар екенін айтып, сендірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Туризм – экономиканы дамытудың негізгі салаларының бірі болып қала береді. Бүгінгі таңда біз Қазақстандағы туризмді дамытудың бес драйверінің қатарына кіреміз. Шучье-Бурабай курорт аймағы облысымыз бойынша турист көп келетін көшбасшы саналады. Бұл - біздің аймаққа келетін бүкіл туристердің 85 пайызы, - дейді Ермек Маржықпаев.

Ол биыл турист саны көбейеді деп отыр. Бұрын бір маусымда 300-400 мыңға дейін адам жиналса, соңғы жылдары көбейе бастады дейді.

 Биыл 1 миллион 200 мың турист келеді деп күтіліп отыр. Жұмыс тобын құрдық. Щучинск- Бцрабай курорттық аймағы – ҚР ӨДП ұлттық саябағы. Мұқият дайындалып жатырмыз. Жергілікті атқарушы орган ретінде қоқыс таситын көліктерді де сатып алдық, контейнер алаңдарын көбейттік. 100-ден астам жәшік сатып алдық, - дейді әкім.

Былтыр  Бурабайға барғандар жағажайда бір ғана қоғамдық дәретхана болғанына қынжылыс білдірген. Келген туристерге арналған қонақ үйлердің бағасы өте қымбат. Кейбіреулер Түркиядан да қымбат екеніін айтады. Бұған әкім не дейді?

Әрине, бағаның «мемге» айналғанынан хабарымыз бар. Бурабай емес, Түркияға барған арзан дейтіндерді де естдік. Шыны керек, Rixos пен Windam Garden секілді қонақүйлер халықаралық статусқа ие. Сондықтан бағалар жоғары. Бірақ бізде 10 000 теңгеден, 30 000 теңгелік екі адамға арналған үйлерден бастап кез келген сегментке арналған демалыс орындары бар. Бұл бәсекелестік орта. Бағаны нарық анықтайды, – деді Ермек Маржықпаев. 

Алайда туристер 10-30 мың теңге тұратын үйлер, әдетте, орманнан, көлден, жолдан және жалпы өркениеттен алыс орналасқанын айтып жүр.

Әкім Бурабай аймағында 200 жұмыс орнын құрып, 23 миллиард теңгеге 65 инвестициялық жобаны іске асырамыз деп айтты.

Сол арқылы турист санын тағы бір ширекке арттырамыз. Оның ішінде «Akbura Resort» курорт аймағы жобасының бірінші кезеңі аясында қонақ үйі бар маңызды нысан – қалалық орталықты ашу жоспарланып отыр. Жалпы биыл Щучье-Бурабай курорт аймағын дамытуға 64,4 миллиард теңге бөлінді, - дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға