Қонаевтағы казинолар басқа жаққа көшіріле ме?
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы казинолардың жұмысы мен олардан түсетін салық мөлшері туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ойын субъектілері Қонаев және Ақмола облысындағы Щучинск қаласында орналасқан. Бүгінгі таңда казинолар жұмыс істеп тұр және оларды көшіру жоспарланбаған, - дейді аймақ басшысы.
Марат Сұлтанғазиев казиноға құмарлық, яғни құмар ойындары Қазақстанда ғана емес, әлемде көп белең алғанын атап өтті. Әсіресе, телефонмен онлайн ойнайтындар жетерлік дейді облыс әкімі.
Біз жұмыс істеп тұрған казиноларға талап қойып жатырмыз, яғни казино ретінде ғана емес, ойын-сауық орталығы ретінде абаттандыру. Мұндай тәжірибені шетелдерде қолданады. Яғни, казино өз алдына жұмыс істейді, одан бөлек кинотеатр, аквапарк, сауда орталығын ашуға болады, - деп түсіндірді облыс әкімі.
Сондай-ақ әкім Қонаевтағы казинолардан қанша салық түсіп жатқанын айтты.
Жалпы ойын-сауық саласында 3,5 мың адам жұмыс істеп жатыр және төңірегінде тағы 3 мың адам жұмыс істейді. Шамамен 7 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Облыстың халық саны 61 мың десек, солардың 10/1 аталған салада жүр. Казинолардан жыл сайын жергілікті бюджетке 80-90 млрд теңге аралығында салық түседі. Бұл үлкен қаражат, - дейді Марат Сұлтанғазиев.