Қонаевта студент қызды айуандықпен өлтіргендер сотталды
Қонаевта студент қызды айуандықпен өлтіргендерге сот үкім кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен пайдакүнемдік ниет, аса қатыгездікпен қасақана кісі өлтірді деген айыпталушылар Қ. және С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
2024 жылдың 6 наурызда сотталушылар жәбірленушімен ортақ танысы арқылы танысып, күдіктілердің біреуі жәбірленушіні уақытша бір жерге орналастыруды өтінген. Осы мақсатта Алматы қаласында пәтер жалға алынған. Екінші күні ақшалары болмай, үйдің жалдау ақысын төлеу үшін сотталушы Қ. жәбірленушіге тиесілі «iPhone 13 Pro» маркалы смартфонды комиссиялық дүкенге тапсыруға, кейінірек оны қайта сатып алуға уәде беріп, көндірген. Түскен қаражатты жұмсағаннан кейін сотталушылар жәбірленушіні банктер мен микроқаржы ұйымдарында жалпы сомасы 435 мың теңгеге ақшалай қарыздар рәсімдеткізген.
12 наурызда сотталушылар жәбірленушінің смартфонын комиссиялық дүкеннен жасырын сатып алып, оны 240 мың теңгеге сатқан, ал түскен қаражатты жеке мақсатта пайдаланған. Жәбірленушінің смартфонды қайта сатып алу туралы бірнеше талаптарынан кейін сотталушылар қарызды қайтармас үшін өлтіру ниеті болған.
15 наурыз күні түнде сотталушылар жәбірленушіні үйіне апару сылтауымен онымен бірге жолға шығып, сағат 02:00 шамасында Қонаев-Қазақстан автожолының 36-шақырымына жетіп, жолдан шығып, ашық учаскеге тоқтаған.
Сотталушылар кезек-кезек жәбірленушіні сақамен ұрып соғып, бензинмен өртеуге тырысқан, содан кейін олар оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болған.
Сотталушылардың кінәсі іс материалдарымен толық дәлелденген: куәлардың айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және басқа да дәлелдемелермен. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.