Қонаевта патрульдік полицейлер ер адамның өмірін құтқарып қалды

Фото: ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ
21.09.2024 15:13
671
Полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде денсаулығы күрт нашарлаған адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, сақшылар тұрғынның эпилепсиялық талмасы ұстап қалғанын анықтады.
Полицейлер жағдайды тез бағалап, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Осы уақытта жедел жәрдем шақырылды. Дәрігерлер ер адамды алып кеткеннен кейін, инспекторлар өз қызметін бекітілген маршрут бойынша жалғастырды, - делінген мәліметте.
Қазір азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Биыл Астанадан қанша адам әскерге аттанады