Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
23.12.2024 06:15
831
Қонаевта үлкендердің қарауынсыз мұз айдынында сырғанап жүрген екі бала құтқарылды. Оқиға «Голубой залив» демалыс аймағында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде ересектердің қарауынсыз мұз үстінде ойнап жүрген екі баланы байқап қалған. Төтеншеліктер дереу балаларға барып, оларды жағаға жеткізді.
Балалар зардап шеккен жоқ, оларды ата-аналарына тапсырды.
ТЖМ ата-аналарды мұқият болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Бөлісу:
