Жаңалықтар

Қонаевта әйелдерге күш көрсету бойынша 27 іс қозғалған

Қонаевта әйелдерге күш көрсету бойынша 27 іс қозғалған
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 22.01.2024 03:47 766

Жыл басынан бері Қонаев қаласының өзінде әйелдерге күш көрсету бойынша 27 әкімшлік іс қозғалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстағы жағдайды тұрақтандыру үшін 4 дағдарыс орталығы ашылды. Мұнда зардап шеккен 210 әйел оңалтудан өтті. Олармен дәрігерлер мен психологтар жұмыс істейді.

Қазір орталықта тұрмыста теперіш көрген 13 ана уақытша тұрып жатыр. Балалары да осында тәрбиеленуге мәжбүр. Мұнда әлеуметтік, психологиялық және медициналық көмек көрсетіледі. Бір жылда мекеме көмегіне 54 әйел жүгінген. Орталықта 6 айға дейін тұруға рұқсат етіледі. 

Бізде екі отбасы қайтадан оралды. Бізде 2 айдан астам болды да өзінің отбасына қайтып оралды. Бірақ 5 айдант кейін бізге қайтып келді. Сол қайталанған. Неге десеңіз екінші жақ, екінші тарап өзінің жауапкершілішгін әлі мойындамаған болып тұр ғой. Солай деп есептедік. Ол ішімдікті қоймаған. Сол баяғы қалпы жұмыссыз. Кімге күші келеді әйелге күші келеді, - дейді тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры Раушан Алпысбаева.

Алматы облысында тұрмыстық зорлық фактілері азаймай тұр. Жыл басынан бері Қонаев қаласының өзінде әйелдерге күш көрсету бойынша 27 әкімшлік іс қозғалған. Тергеуші Мақпал Сейсен 200-ге жуық істі қарады. Соның 40 - қа жуығы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты.

Мақпал Сейсен, Қонаев қалалық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі: «

Қазіргі уақытта қаржылық жағынан қиындау ғой. Сол себепті үйде ұрыс-керіс орын алады. Ұрыс-керіс барысында ерекектер ашуланып тез арада әйелдеріне қол көтереді. Жұмыссыз еркектер. Сонымен қатар азарттық ойын ойнайтын еркектер болады арасында. Солар осындай қылмыстардың үлкеюіне себепкер болуда,- дейді Қонаев қалалық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі.

Былтыр облыста тұрмыстық жанжал бойынша полиция қызметіне 210 шұғыл хабарлама түскен. 20 дан астам азамат қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылды. Ал шынайы жағдай бұдан да көп болуы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға