Жаңалықтар

Қонаев қаласында рәміздер күнін атап өтті

Қонаев қаласында рәміздер күнін атап өтті
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі 05.06.2024 10:03 165

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматы облысы Қонаев қаласында "Туымыз төрімізде" атты патриоттық сезімге толы мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.

Салтанатты шара облыс әкімінің қатысуымен ту шығару рәсімімен басталды.

Қонаев қаласында рәміздер күнін атап өтті

Сурет: Алматы облысы әкімдігінің бапасөз қызметі

Көк туды желбіреткен автошеру орталық алаңға келді. Орталық алаңда қала тұрғындарының, жастардың қатысуымен әнұран шырқалып, өнер жұлдыздарының  патриоттық әндері әуеледі. Әскерлер ұстаған 40 метрлік алып ту шараның ажарына ажар қосты.

Қонаев қаласында рәміздер күнін атап өттіСурет: Алматы облысы әкімдігінің бапасөз қызметі

 

Сонымен қатар,  парашютшілер аспаннан ту ұстап  секіріп, көк туымыз зәулім биікте желбіреді. 

Қонаев қаласында рәміздер күнін атап өттіСурет: Алматы облысы әкімдігінің бапасөз қызметі

Мәдени шара барысында  Алматы облысы әкімінің  орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы бірқатар үздік қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға