Жаңалықтар

Қонаев көшесінің бір бөлігі жабылады

Қонаев көшесінің бір бөлігі жабылады
Фото: Астана қалалық әкімдігі 17.02.2025 15:55 402

Астанадағы Қонаев көшесінің бір бөлігі 19 ақпаннан бастап жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында, сол сияқты жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіздік пен ыңғайлылықтың заманауи стандарттарын ескере отырып, Қонаев көшесіндегі «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін реконструкциялауды жалғастыру жоспарланып отыр.

Осыған байланысты Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша осы жылдың 19 ақпанынан 30 қазанына дейін Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі жол бөлігі жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес Достық және Сарайшық көшелерімен қамтамасыз етілетін болады, - делінген мәліметте.

Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға