"Қолында балғасы бар маньяк": Полиция жұртты шошытқан ақпаратқа пікір білдірді

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
01.04.2025 23:23
407
Әлеуметтік желіде «Таразда балға ұстаған маньяк байқалды, зардап шеккендер бар» деген ақпарат тарауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысының Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Осы ретте ведомство Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес жалған ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада белсенді өмір сүру орталығы ашылды