Жаңалықтар

Қолданыста болған хостелдер мен бизнес орталықтары жатақханаға айналмақ

Қолданыста болған хостелдер мен бизнес орталықтары жатақханаға айналмақ
Фото: t.me/KZgovernment 05.12.2023 11:09 1824

Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен: «Педагогикалық мамандыққа оқып жатқан студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?» деп сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл өте күрделі және кешенді мәселе. Қазіргі таңда 17 мың төсек-орнының тапшылығы әлі де бар. Соңғы жылда біз үш үлкен бағытпен жұмыс істедік. Біріншісі - жаңа жатақханаларды құрылысқа енгізу, яғни субсидиялар арқылы. Сіздің қолдауыңызбен субсидиялық нормативтер екі есе ұлғайтылды. Соның арқасында биылдың өзінде 43 жатақхана салынып жатыр. Оның 33-і қазіргі таңда толыққанды енгізілді. Онда студенттеріміз тұрып жатыр. Қалған 10-ы осы бір айдың ішінде енгізіледі. Бүгінде құжаттарды рәсімдеу пысықталуда. Биылдың өзінде 10 мың 367 төсек-орынды қамтамасыз етеміз, – дейді ғылым және жоғары білім министрі.

Сондай-ақ министр 1 қыркүйектен бұл бағыт бойынша нормативтік-құқықтық талаптар күшейтілгенін жеткізді.

Заңға керекті өзгерістер енгізілді. Енді ЖОО оқу жылының қыркүйек айынан бастап оқып жатқан студенттерді кемінде 70 пайыз жатақханамен қамтамасыз етуі қажет. Ал бірінші жыл қабылданғанда 100 пайыз қамтылуы керек. Талаптар нақты күшейтіледі. Үшінші бағыт - қолданыста болған бизнес орталықтары, хостелдер, қонақ үйлерді реконструкциядан өткізу бойынша нормативтік субсидиялар ұлғайтылып жатыр. Сол объектілерді жатақханаларға айналдыру. Әрине, ең үлкен талап - қауіпсіздік стандартын күшейту. Жалпы 17 мың төсек-орын тапшылығын бір-екі жылдың ішінде толыққанды жабамыз, – деді Саясат Нұрбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға