Қолайсыз ауа райына байланысты екі өңірде жолдар жабылды

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты екі өңірде жолдардың жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
21 қарашада сағат 17:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1353-1426 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 2024 жылғы 21 қарашада сағат 17:30-да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1291-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2024 жылғы 22 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
