Жаңалықтар

«Qnet» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардан жеті пәтер мен көлік тәркіленді

«Qnet» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардан жеті пәтер мен көлік тәркіленді
Фото: ©Pixabay.com 11.04.2025 11:13 377

«Qnet» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметінше, күдіктілер азаматтарды көп деңгейлі маркетингтік желі мен электронды коммерцияға инвестиция салуға, оның ішінде жалған «QVI tripsaver» саяхат карталарын және зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттеген.

Қатысушылардың салымдары 840 мыңнан 4 млн теңгеге дейін ауытқып, міндетті шарт ретінде басқа қатысушыларды тарту талап етілген. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 51 адам қатысып, олар 63 миллион теңгеден астам қаражат салған, - делінген мәліметте.

Сот шешімімен пирамида ұйымдастырушылары кінәлі деп танылып, 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Сот шешімімен 301 миллион теңге құны бар Астана қаласынан 7 пәтер және «Toyota Camry» автокөлігі тәркіленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға