Жаңалықтар

ҚМА тергеу әрекеттерінің 90% бейнежазбаны қолдану арқылы жүргізілген

ҚМА тергеу әрекеттерінің 90% бейнежазбаны қолдану арқылы жүргізілген
Фото: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі 28.11.2023 20:39 1023

ҚМА мен «Атамекен» ҰКП өкілдері екіжақты кездесуде бизнесті қорғау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Іс-шара барысында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменов Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында көтеріліп отырған мәселенің өзектілігін атап өтті.

Өз кезегінде Агенттік бизнес субъектілерін қылмыстық қудалаудың орбитасына негізсіз тартудан қорғау жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.

ҚМА қылмыстарды анықтау мен ашу барысында аналитикалық әдістерге сүйенуде. Кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне тікелей араласпай тәуекелдерге қашықтықтан талдау жүргізіледі.

Жалпылама іс қозғау практикасы алынып тасталды. Агенттік құрылған сәттен бастап оларды тіркеу төрттен бір есеге, ағымдағы жылы тағы 23% - ға қысқартылды.

Тергеу әрекеттерінің 90% дейін бейнежазбаны қолдану арқылы жүргізіледі.

Істердің 80% - ға жуығы электрондық форматта тіркелген.

Процеске қатысушыларды шақыру 2 есе қысқартылды.

«Атамекен» ҰКП-мен өзара іс-қимылда көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары жаңартылды. Енді Кәсіпкерлер палатасы әрбір төртінші іс-шара бойынша бірлесіп орындаушы болып табылады.

Қабылданған шаралар көлеңкелі экономиканың 18,8% - ға дейін төмендеуіне және Агенттікке деген сенім деңгейінің 20% - ға таман өсуіне ықпал етті.

Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында экономикалық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдарын қылмыссыздандыруға бағытталған заң жобасы әзірленуде.

Өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимыл туралы «Атамекен» ҰКП және ҚМА бөлімшелерінің басшылары баяндама жасады.

Кездесу барысында аумақтық департаменттердің жұмысын көлеңкелі экономиканың өсуіне ықпал ететін және кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін жүйелі проблемалар мен әкімшілік кедергілерді жоюға бағыттама берілді.

Сондай-ақ, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының алаңында бизнес субъектілерін жеке қабылдауды жиі жүргізу және олардың өтініштерін жедел қарау тапсырылды.

Іс-шара соңында тараптар бизнесті қорғауға және оны көлеңкеден шығаруға бағытталған заңнаманы жетілдіруді жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға