Жаңалықтар

ҚМА: Қазақстаннан жанармайды цистерналармен алып кеткен

ҚМА: Қазақстаннан жанармайды цистерналармен алып кеткен
Фото: ҚМА/Видеодан алынған кадр 08.10.2024 10:28 373

Қаржылық мониторинг агенттігінде шекара маңындағы өңірлерде жанар-жағар майды елден шығаруға қарсы бірлескен бақылауды күшейту бойынша ведомствоаралық кездесу өтті. Жиында ЖЖМ ағындары мен «сұр» экспортының күшею қаупі талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кеңес жұмысына ІІМ, автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің басшылығы, сондай-ақ Энергетика министрлігінің, ТЖМ, ҰҚК Шекара қызметінің, ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

Баға айырмашылығынан ЖЖМ жеңіл автокөліктердің зауытта қондырылған немесе қолдан жасалған бензин бактарында ел аумағынан заңсыз шығарылады.

Тек Қазақстан-Қырғыз шекарасында айына осындай тәсілмен 10 мың тоннаға дейін ЖЖМ әкетіледі. Сондай-ақ жағармай құжаттарға жалған ақпарат енгізіліп, теміржол цистерналарымен тасымалдау фактілері кездеседі, - делінген мәліметте.

Осыған байланысты жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу бойынша одан әрі бірлескен шаралар талқыланып, мұнай өнімдерін әкетуге жол бермеу жөніндегі мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын жалғастыру үшін, ЖЖМ заңсыз айналымын азайтуға бағытталған бірқатар профилактикалық іс-шараларды өткізу ұсынылды.

Айта кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігінің мұнай өнімдерінің «көлеңкелі» айналымын төмендетуге бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесінде автомобиль және теміржол көлігімен ЖЖМ заңсыз өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау фактілері анықталып, тергелуде.

Жыл басынан бері 21 қылмыстық іс тіркелді, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы құны 900 млн теңгеден астам сомаға 3,5 мың тоннаны құрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға